Ырғыз өңірінің киелі жерлері

Жаманшың метеорит кратері
«Қазақстанның киелі географиясы»
тізіміне енгізілген. Кратер Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз ауылынан оңтүстік-батыста 40 шақырым
қашықта орналасқан. Зерттеушілер Жаманшың осыдан 0,75-
1,1 млн. жылдар бұрын оңтүстік шығыстан – солтүстік батысқа қарап ұшқан ірі метеориттің жерге қиғаш (көлбеу) құлау салдарынан пайда болғандығын анықтады. Ойпаттың диаметрі 5-6 шақырым, түбі жайпақ, баурайы көлбеу, тереңдігі 700 метрдей. Метеориттің
диаметрі 200-400 метрге жетеді. Алмат кесенесі Ақтөбе облысы, Ырғыз
ауданы, Ырғыз ауылынан 22 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.
Алмат кесенесі – Орта Азия елдерінде сирек кездесетін алты күмбезді аса қадірлі ұлттық қазынаның бірегейі, Бұхара, Хиуа, Сыр өнерінің жалғасы секілді. Ол ертедегі гректер мен римдіктердің әулеттік пантеондық тәрізді көп бөлікті жер асты тәсілімен салынған.
Дүйсенбі аһун мешіті Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан 7 шақырым солтүстікте орналасқан. Дүйсенбі ақын мешіті – Солтүстік Арал маңы аймағының көрнекті ғұрыптық
ескерткіші. Мешіт төртбұрышты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа созыла орналасқан. Жаныс би кесенесі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жаныс би ауылынан 2 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан.
Кесене мәдени мұра ретінде елімізде ғана емес, шетелдерге де таныс.
Сегізқырлы симметриялы кесене. Кесенені Жаныс би көзі тірісінде халық шебері Мейірбекке салдырған. Кесене аса көрнекті жерге басқа кесенелерге ұқсамайтын шеберлікпен салынған. 2009-2011 жылдары қайта қалпына келтірілді. Исатай мешіті Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылынан 7 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан. Мешіт төртбұрышты (10х19 м) қабырғалары шикі кірпішпен қам кесек араластырылып қаланған. Солтүстік бұрышқа жерден бастап күйдірілген қызыл кірпіштен өрілген, 8,50 метрлік
мұнара орналасқан. Конус тәрізді мұнараның басына кірпіштен өрілген айналма баспалдақ алып шығады. Мәніәулие қорымы Ақтөбе облысы,
Ырғыз ауданы, Шеңбертал ауылынан 6 шақырым батыста орналасқан.
Бұл қорымының пайда болу тарихы белгісіз. Тастан қаланған тамдардың
қабырғасының қалыңдығы бір метрге жетеді. Тас қорғандар үлкенді-кішілі, кейбіреулері ішектей ширатылып бесалтауы бір қоршалған. Құлпытастардың кең тараған түрі де кездеседі. Тарихи
деректерге сүйенсек, қорымның пайда болу уақыты XVII ғасырдан басталған, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін құлпытас қою рәсімі тоқтамаған. Сәмет батыр кесенесі Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Жайсаңбай ауылында орналасқан. Жайсаңбай елді мекенінен
12 шақырым жердегі «Дәрмен» деп аталатын жерден 1 км жердегі биік
төбенің басындағы өз қабірінің үстіне тұрғызылған. Түркістандағы Жолбарыс ханның шешесінің кесенесінің макеті бойынша салынған.